Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

19 наурызды Қазақстандықтар Жаңару күні деп атап өтті. 2019 жылы дәл осы күн мемлекет пен қоғамда түбегейлі өзгерістер басталған еліміздің жаңа тарихындағы бетбұрыс болды. Бұл күні Орталық кітапхана алаңында Қара металлургия колледжінің студенттері мен барлық қатысушылары үшін «Наурыз-жарық пен ізгілік мерекесі» фольклорлық мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды.

15 наурызда Орталық кітапхана аумағында кітапхана қызметкерлері «Масленица - блинница, весны именинница» ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Аудиторияны Ақсу қаласының №7 ОМ 5 «А» сынып оқушылары құрады.

23 ақпанда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ақсу қ. ОК балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы А. Молдабай, Ақсу қаласының Ы.Алтынсарин ат. ОМ 5 «Ғ» сынып оқушылары үшін «Бердібек Соқпақбаев-балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Содан кейін балалар эмодзи арқылы автордың «Менің атым Қожа» шығармасының кейіпкерлерін табу ойынына қатысты.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5 наурыз күні Ақсу қ. ОК оқу залында «Родники» клубының мүшелерінің қатысуымен «Біз әйелдерді ардақтаймыз» атты поэтикалық кеш өтті. Бұл – біздің жүрегімізде сақталған барлық сезімдеріміз әлемдегі ең жақын, ең қымбат адамдарға аналарымызға, әжелерімізге алғыс сөздерімен көрінетін ерекше күн.

Осы күні жүргізушілер тарапынан барлық қатысқан әйелдерге жылы құттықтаулар мен өлеңдер оқылды. Қонақтардың назарына «Бар әлемді махабатқа бөлеген» тақырыптық көрме ұсынылды.

13 ақпанда Ақсу қаласының орталық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Әлі есімізде, біз өмір сүреміз» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары ауған соғысының ардагерлері Әбуов Қалдыбек Нығманұлы мен Теміржан Темірбекұлы Омаров болды.