Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

IMG_20221123_101434_755.jpg22.11.2022 жылы балалар әдебиеті бөлімінде № 4 ОМ 2 «Д» сынып оқушыларының «Грамотеи» үйірмесімен  В.Осееваның 120 жылдығына арналған «Кітап арқылы ізгілік пен нұрға» атты дауыстап оқу өткізілді.

IMG-20221101-WA0004.jpgБүгін балалар әдебиеті бөліміне №1 ОМ 7"А" және 7"Г" сынып оқушылары келді.

Кітапханашы Г. З. Нұрғалиева балаларға кітапхана бөлімдері бойынша экскурсия өткізді, кітап қорымен, кітапхана жұмысымен таныстырды, кітап және кітап оқу туралы әңгімелесті.

WhatsApp_Image_2022-09-05_at_17.59.37_2.jpegБүгін балалар әдебиеті бөлімінде №4 ОМ 2 "Д" сыныбының "Грамотеи" кітапханалық клубы үшін "Мектеп жылын бірге қарсы аламыз" мерекелік-ойын бағдарламасы өтті. Кітапханашы Грипас А.А. балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқу жылының неліктен 1 қыркүйекте басталатынын айтып, басқа елдердегі мектеп дәстүрлері туралы презентация көрсетті. Балалар жұмбақтар шешіп, зеректігін тексеретін ойындар ойнады.

WhatsApp_Image_2022-09-14_at_17.42.42_1.jpeg2022 жылдың 14 қыркүйек күні балалар әдебиеті бөлімінде №4 ОМ 5 сынып оқушыларымен Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған "Туған тіл - туған сөз" ақпараттық-ойын сағаты өтті.

WhatsApp_Image_2022-09-05_at_17.58.44_1.jpegАхмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақ халқының мақтанышы» оқырман конференциясы
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Бүгін 5 қыркүйек Ахмет Байтұрсыновтың туылған күні. Осыған орай, Орталық кітапханада «Қазақ халқының мақтанышы» оқырман конференциясы өтті.