Бүгін: 29.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

WhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.09.jpeg

27 тамыз күні кітапханада ҚР Конституция күні аясында №2 балабақшаның «БалаLife» балалар клубының мүшелерімен «Дені саудың –жаны сау» спорттық-ойын-сауық сағаты өткізілді.

Бала кезінен бастап әр адам өз денсаулығына қамқорлық жасай білуі керек. Бұл - серуендеу, тамақтану, темекі шегуден бас тарту, күн тәртібі және міндетті түрде спортпен шұғылдану. Бірақ спорт тек дене саулығы ғана емес, бұл рухани саулық. Өйткені, спорт достыққа, тәртіпке, өзіне ғана емес, жолдасына да жауап беруге үйретеді. Мұның бәрін кітапханашы балаларға ойын түрінде түсіндірді. Мереке көңілді жаттығулардан басталды.

Әр қатысушы өз жаттығуларын көрсетті, ал қалғандары бірге және музыкамен барлық қимылдарды қайталады. Содан кейін екі командаға бөлініп, спорттық жаттығулар жасады. Нәтижесінде, әрине, достық жеңді!

Спорттық ойын-сауық сағатының соңында балалар ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция - негізгі заң» кітап көрмесімен танысты.

WhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.11_3.jpegWhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.11.jpegWhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.11_2.jpegWhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.11_1.jpegWhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.10.jpegWhatsApp_Image_2022-08-27_at_16.33.10_1.jpeg