Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Болякова Раиса ФёдоровнаБолякова Раиса Федоровна

Раиса Федоровна Болякова 1938 жылдың  8  сәуірінде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туған.

1957 жылы Ақтөбе мәдени – ағарту училищесін мәдени жұмыстың әдіскері және ұйымдастырушысы болып бітірді.

Жолдамамен Ақтөбе облысы, Джурун қаласындағы аудандық кітапханаға кітапханашы болып  жіберілді. 5 айдан кейін 1958 жылдың мамыр айында аудандық кітапхананың басшысы болып тағайындалып, сол лауазымда 5 жыл қызмет етті. 

Кейін Шалқар ауданына қайта оралып,  мұғалім, пионер жетекші, теміржол станциясы қарауындағы  ауылдық кітапханада кітапханашы қызметін атқарды. 1965-1973 жылдар аралығында Ауылдық кеңес депутаты, кейін атқару комитетінің хатшысы болып тағайындалды.

1973 жылдың сәуір айында Павлодар облысының Ермак қаласына келеді. Мамыр айында Ермак аудандық кітапханасына директор болып қабылданды. Ал 1977 жылы Ермак Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып тағайындалды. Сол кездері  бұл кітапхана жүйесі қала және ауыл кітапханаларын біріктіріп тұрған Қазақстандағы алғашқы жүйелердің бірі болатын.

Ол сырттай екі жоғарғы оқу орнын: Гурьев педагогикалық мәдениет институтын және 1981 жылы Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы  педагогикалық мәдениет институтының кітапхана бөлімін бітірді.

Раиса Федоровна Ермак ОКЖ-нің директоры болып 1982 жылдың маусым айына дейін қызмет етті. Оның басшылығы кезеңінде Ермак ОКЖ Павлодар облысы ОКЖ арасындағы социалистік жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. 1982 жылдың маусым айынан бастап Раиса Федоровна аудандық партия комитетінің насихаттау және үгіттеу бөліміне  аударылды.

1988 жылдан бастап 1997 жылдың ақпан айына дейін Раиса Федоровна Ермак мәдени-ағарту училищесінің директоры қызметін атқарды.

1997 жылдың ақпан айынан бастап Раиса Федоровна құрмет демалысында.

 


 

Щепенко Галина ЕмельяновнаГалина Емельяновна Щепенко

Галина Емельяновна Щепенко 1933 жылы 12 тамыз күні Украинада Одесса облысы, Васильевка селосында туған. Одесса кітапхана техникумын бітірген. 1961 жылы  жолдасымен тың игеруге Қазақстанның Ермак қаласына көшіп келеді.

1964 – 1967 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде инспектор болып, содан кейін аудандық мәдениет үйінің директоры болып қызмет істеді.

1967 жылы Ермак қаласында Орталық балалар кітапханасы ашылып, Галина Емельяновна кітапхана меңгерушісі болып тағайындалды. 1980 жылы Ермак Орталық балалар кітапханасы жанынан оқушылар арасында кітапхана – библиографиялық білімді насихаттау бойынша Облыстық тәжірибе алмасу мектебі ашылды.

Осы лауазымда қызмет ету кезеңінде бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен, жыл қорытындысы бойынша Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды, Құрмет тақтасына енгізілді.

Галина Емельяновнаның 20 жылдық жетекшілігі кезеңінде Орталық балалар  кітапханасы жыл сайын «Үздік жұмыс кітапханасы» атағын иеленген болатын.

1990 жылы Галина Емельяновна құрмет демалысына шықты.

1997 жылдың тамызында Галина Емельяновна Щепенко дүниеден өтті.

 


 

 Нинель Губайдулловна ЯмпольскаяНинель Губайдулловна Ямпольская

Нинель Губайдулловна Ямпольская 1943 жылдың 1 қарашасында Павлодар облысы, Каганович ауданы, Потанин ауылында туған. 1962 жылы Семей кітапхана техникумының кітапхана бөлімін бітірді.

Өзінің еңбек жолын 1960 жылы Потанин совхозында ауыл кітапханасының меңгерушісі ретінде бастады. 1964 жылдан бастап аудан кітапханасының меңгерушісі болды, 1977  жылы Орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

Қызмет еткен барлық бөлімдерде жақсы нәтижелерге қол жеткізе білді. Нинель Губайдулловна оқырмандармен жұмыс жасаудың жаңа әдістері мен формаларын енгізді.

Ол кездесу – кештері, поэзия сағаттары, оқырмандық конференциялары, кітаптардың презентациялары, ашық есіктер күні т.б сияқты қызықты іс-шаралар өткізді. Бұқаралық шаралар №30 жабық типті жатақхана, № 515, 33 ПАТП, СУ – МАЭС, қаланың барлық оқу орындарын қамтып отырды.

Оның басшылығымен Орталықтандырылған кітапхананың жанынан 15 Кеңес Одақтық Республика жазушыларының кітаптарын насихаттау бойынша халықтар Достығы секторы ұйымдастырылды.

Ақсу ОБК таратылғаннан кейін 1997 жылдың қазан айынан 1999 жылдың мамыр айына дейін Нинель Губайдулловна Ямпольская Орталық қалалық кітапхананы басқарды.

40 жылдық еңбек жолында бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталып, Құрмет Тақтасына да енгізілді.

1964 жылы ауылдың мәдени – ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыруда жақсы нәтиже көрсеткені үшін еңбекші депутаттар аудандық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1967 жылы жастарды тәрбиелеу жұмысына  қатысқаны үшін Ермак аудандық комсомол грамотасымен марапатталды.

1970 жылы В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне мәдениет жұмыскерлері Обком Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1972 жылы КСРО-ның 50 жылдығына орай Облыстық мәдениет басқармасының  Құрмет грамотасымен марапатталды.

1973 жылы әлеуметтік міндеттерді орындағаны үшін аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1976 жылы 9 – шы бесжылдықта белсенді еңбек еткені үшін Қазақстан КП аудандық комитетінің, еңбекшілер депутатының аудандық Кеңесінің және аудандық кәсіподақ Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1981 жылы  Кеңес әдебиетін насихаттау және тарату қызметіне белсенді қатысқаны үшін кітап әуесқойлары қоғамының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1983 жылы мәдениет мекемелеріндегі жемісті еңбегі үшін Ермак аудандық мәдениеті атынан «Үздік маман» Дипломы және грамотасы табыс етілді. 

1985 жылы Павлодар облысының мәдениет жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, Ұлы Октябрьдің 67 жылдығы құрметіне аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1987 жылы аудандық мәдениет бөлімінің «Үздік маман» дипломымен марапатталды.

1988 жылы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелеріне кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа формаларын енгізгені үшін, кәсіподақ қызметінде белсенділік танытқаны үшін, еңбектегі жетістіктері үшін БОКОО (ВЦСПС) Президиумының Құрмет грамотасымен, Бүкілодақтық кітап әуесқойлары қоғамының Құрмет грамотасымен марапатталды.  

1988 жылы «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. 1992 жылы жұмыс қорытындысы бойынша Павлодар облысы мәдениет Департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мәдениетті қолдау жылы мәдениет пен өнер саласының үздік қызметкерлеріне  құрмет көрсету шеңберінде («Қауышу – 2000») «Кітапхананың үздік қызметкері» номинациясында қала әкімінің атынан диплом  мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Бүкіл еңбек жолында Нинель Губайдулловна жастарға тәлімгер бола білді.

2001 жылдан бастап Нинель Губайдулловна құрмет демалысында.

 


 

Нина Ивановна ИволгаНина Ивановна Иволга

Нина Ивановна Иволга 1945 жылдың 5 тамызында Павлодар облысының Шарбақты кентінде дүниеге келген.

1967 жылы Семей кітапхана техникумын бітірген.

Еңбек жолын 1964 жылы Павлодар облысы,  Шарбақты ауданының Сосновка ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастады, кейін кітапхана меңгерушісі болып тағайындалып, сол лауазымда 1973 жылға дейін қызмет етті.  

1977 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ермак Орталық кітапхана жүйесіне балалармен жұмыс жасау әдіскері ретінде, кейін директордың орынбасары, қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы, кейін 1986 – 1994 жылдар аралығында ҰжБФБ бөлімінің, жинақтау бөлімінің кітапханашысы, жинақтау бөлімінің бас кітапханашысы қызметтерін атқарды. Зейнеткерлікке шығар алдында 2000 - 2003 жылдары Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасының әдебиетті өңдеу және жинақтау бөлімінің аға кітапханашы болып жұмыс істеді. Жалпы кітапханалық еңбек өтілі - 28 жыл. Қай бөлімде жұмыс істесе де Нина Ивановна өз міндеттерін жауапкершілікпен атқара білді.

Қызмет жолында бірнеше рет грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.

1967 жылы мінсіз қызметі үшін Шербақты аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет грамотасымен мараптталды.

1970 жылы мәдениет саласындағы көп жылдық, адал еңбегі үшін Шербақты аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1981 жылы Кеңес әдебиетін насихаттау, тарату қызметіне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

1982 жылы КСРО-ның  60-жылдығына орай Құрмет грамотасымен марапатталды. 1984 жылы жыл қортындысы бойынша социалистік жарыстардағы жоғары көрсеткіштері үшін Ермак қалалық атқару комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1988 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

2003 жылдың мамыр айында «Жаңа ақпараттық қоғамдастық үшін жаңа кітапхана. Модельдік ауыл кітапханасы» атты республикалық конференцияда Павлодар облысы Мәдениет департаментінің Құрмет грамотасымен мараптталды.

2015  жылы дүниеден өтті.

 


 

Капустина Юлия ИльиничнаЮлия Ильинична Капустина

Юлия Ильинична Капустина 1936 жылдың 7 шілдесінде Иркутск облысы, Ольхонск ауданы Куреть ауылында дүниеге келген.

Жеті жылдық мектепті бітіріп, Еланцы аудан орталығындағы орта мектепте оқуын жалғастырды.

1961 жылы Қазақстанға Ермак - МАЭС құрылысына келеді. Кентте кітапхана болмағандықтан АТК-ке диспетчер болып орналасты. 1966 жылы Ақсу кентінің қалалық кітапханасының аға кітапханашысы болып орналасты. 1967 жылы №2 қалалық кітапханасына меңгеруші лауазымына ауысып, сол лауазымда  25 жыл қызмет етті. 1992 жылы құрмет демалысына шықты.

Өзінің еңбек жолында бірнеше мәрте грамоталармен, дипломдармен марапатталды, кітапханасы «Үзді жұмыс кітапханасы» атағын иеленіп отырды.

1970 жылы В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай қалалық атқару комитетінің мерейтойлық Құрмет дипломымен  марапатталды.

1972 жылы Қаз КСР-нің Мәдениет министрлігінің «КСРО құрылуына 50 жыл» Құрмет грамотасымен марапатталды.

1974 жылы «Социалистік Жарыс Жеңімпазы» белгісін иеленді.

1978 жылы Облыстық кәсіподақ Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1983 жылы Ермак аудандық мәдениет бөлімі атынан «Үздік маман» дипломымен марапатталды.

1985 жылы облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1987 жылы Қаз КСР Мәдениет министрлігінің «Социалистік жарысқа қатысушы» Құрмет дипломымен марапатталды.

1988 жылдың 12 сәуірінде Павлодар облыстық халық депутаттары Кеңесінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

2001 жылы Республика күні мен Ақсу қаласының 40 жылдығын мерекелеу құрметіне «Ата – баба дәстүрі» номинациясы бойынша диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. 2003 жылы Павлодар облысының 65-жылдығына орай «Қолөнер шебері» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 1991 жылы құрмет демалысына шықты.

 


 

 Райхан Дайкенқызы АманжоловаРайхан Дайкенқызы Аманжолова

Райхан Дайкенқызы Аманжолова 1953 жылы 20 қазан күні Алтай өлкесі,  Суетск ауданының  Адамовка селосында туған.

Өзінің еңбек жолын 1973 жылы ақпан айынан бастап ПАЗ Продснаб қызметкері ретінде бастады.

Ермак Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 1984 жылы келіп, 1997 жылдың қазан айына дейін Қызылжар ауылындағы Павлодар құс фабрикасының аға кітапханашысы болып қызмет етті.

1986 жылы  Семейдегі кітапхана техникумын бітірді. 1997 жылдың қазанында Ақсу ОКЖ-нің таратылуына байланысты жұмыстан босатылды.

2003 жылдың 1 ақпанында облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы шеңберінде Қызылжар ауылдық кітапханасы қайта ашылып, Райхан Дайкенқызы Аманжолова меңгерушісі болып тағайындалды.

2003 жылы «Үздік ауыл кітапханасының меңгерушісі» ретінде облыс әкімі атынан компьютер сыйға берілді. Сонымен қатар, Райхан Дайкенқызы «Павлодар -  кітапханалық астана» атты республикалық форумға қатысты.

 2005 жылдың наурыз айынан бастап Қызылжар ауыл кітапханасында  жаңа технологиялар, компьютерлік техника енгізіліп,  ғаламтор меңгеріліп, «РАБИС» бағдарламасында электрондық каталог құру жұмыстары жүргізіле бастады. Кітапхана «Менің туған ауылым» кешенді бағдарламасы негізінде жұмыс жасады. Кітапханада Қазақстан халқының салт – дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын «Мұрагер» клубы жұмыс істеді.

2006 жылы Қызылжар ауыл кітапханасының базасында модельдік  ауыл кітапханасы құрылды. Кітапхана телефонмен жабдықталып, сайт құрылды. Сол жылы  кітапхана базасында «Кітапхана – жергілікті қоғамдастыққа жалпы қолжетімді орталық»  тақырыбында  облыстық семинар өткізілді. Сонымен қатар,  Райхан Дайкенқызы  «Қазақстандық патриотизмді бекіту  - ұлттық интелегенция міндеті» атты  ҚР Президентінің Жолдауы бойынша 2007 жылдың 18-19 сәуірінде Астана қаласында өткен ҚР  мәдениет және ақпарат Министрімен кездесуге де қатысты. Ол  Павлодар облысының кітапханалар атынан өкіл ретінде жіберіліп, кездесуде баяндама оқыды.

Көп жылдық еңбек жолында көптеген грамоталармен марапатталды. 1988 жылы 1987 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Ермак мәдениет бөлімінің құрмет грамотасымен, 2009 жылы ҚР Конституциясының 15-жылдығы қарсаңында Облыстық Мәдениет Департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы Кітапханашылар күні қарсаңында көп жылдық еңбегі мен  ісіне деген адал қызметі үшін қала әкімі орынбасарының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы Павлодар облысының облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының  құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылдың қазан айында Райхан Дайкенқызы зейнеткерлік демалысқа шықса да,  кітапханадағы қызметін жалғастырды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап құрмет демалысында.

 


 

Демидова Наталья ВалентиновнаНаталья Валентиновна Демидова

Наталья Валентиновна Демидова 1955 жылы 6 маусымда Павлодар облысының Ленинский кентінде туған. Өзінің еңбек жолын 1973 жылы 5 шілдеден Павлодар қаласының №13 қалалық кітапханасында бастады.

Ақсу ОКЖ – не 1986 жылы қызметке келіп, Орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы,  кейін  Орталық балалар кітапханасының аға кітапханашысы болып қызмет етті.

1992 жылдан бастап балалармен жұмыс жасау жөніндегі директордың орынбасары, ал 1997 жылдан бастап Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі болды.

1997 жылы Орталық балалар кітапханасы таратылғаннан кейін Ақсу ОКЖ  қалалық кітапханасына аға кітапханашы қызметіне қабылданды.

1999 жылдың шілде айынан Орталықтандырылған кітапхананың балалар бөліміне аға кітапханашы ретінде ауыстырылды.

Қай бөлімде  қызмет етсе де Наталья Валентиновна өзінің міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді.

Кез келген баланың тілін тауып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, кітап оқуға ынталандыра білді. Ол әр оқырман есімін жатқа білетін.

Балалармен жұмыс жасау тәжірибесіне жаңа әдіс – тәсілдер енгізіп, «Читайка» Отбасылық оқу клубында сабақтар жүргізді, «РАБИС» бағдарламасында жұмыс жасады.

Еңбек жолында бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

2005 жылы кітапхана ісінің дамуына үлес қосқаны үшін,  көп жылдық адал еңбегі үшін Павлодар облсының Мәдениет Департаментінің Алғыс хатымен, Ақсу қаласының кітапхана ісіне үлес қосқаны үшін, көп жылдық адал еңбегі үшін Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2007 жылы Наталья Валенитиновнаға кітапхана ісіне кәсіби үлес қосқаны үшін, адал еңбегі үшін Ақсу қаласы Ішкі саясат, мәдениет және спорт басқармасы бастығының Алғыс хаты, 30 жылдық шығармашылығына орай кәсіби шеберлігі мен мінсіз қызметі үшін  Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы табыс етілді.

2008 жылы Кітапханашы күнін мерекелеу құрметіне кітапхана ісіне үлес қосқаны үшін қала әкімі орынбасарының Алғыс хатымен, 2010 жылы 55 жылдық мерейтойына орай көп жылдық адал еңбегі үшін, мамандығына деген адалдығы үшін Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен  марапатталды.

2011 жылы Кітапханашылар күніне орай Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан алғыс хат, 2012 жылы Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне белсенді өмірлік ұстанымы, адал еңбегі, Ақсу аймағындағы кітапхана ісінің дамуына үлес қосқаны үшін Ақсу қаласы  Орталықтандырылған кітапханасы атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.

2013 жылдың маусымында  зейнеткерлік демалысқа шықты.

 


 

Зайончковская Нина ЕфремовнаНина Ефремовна

Нина Ефремовна Зайончковская 1938 жылы 3 ақпан күні Украинада Запорожск облысы,  Васильевск ауданы, Анно – Апанлы селосында туған.

1962 жылы Қазақстанға Ермак қаласының құрылысына келген. 1965 жылдың қараша айында № 3 қалалық кітапхананың кітапханашысы  болып орналасты. Осы саладан алыстамай, 1968 жылы Семей кітапхана техникумын сырттай бітірді.

1971 жылдың сәуір айында № 3 қалалық кітапхананың меңгерушісі болып тағайындалып, 27 жылдай сол лауазымда қызмет етті. Оның кітапханасы «Үздік жұмыс кітапханасы» атағын иеленіп, социалистік жарыстарда жеңімпаз атанып жүрді.

Оның жетекшілігі кезеңінде оқырмандарды жеке ақпараттандыру және балалардың кітап оқуына жетекшілік ету бойынша жұмыстар жетілдіріле түсті.

Жыл қорытындысы бойынша социалистік жарыстарда көрсеткен жетістіктері үшін Нина Ефремовнаға Ермак мәдениет бөлімінің атынан  Құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлделер табыс етілді.

1988 жылдың 12 сәуірінде  «Еңбек ардагері» медалін иеленді.

1992 жылдың 3 ақпанында құрметті демалысына шықты.

 


 

 Карпова Ирина ВалентиновнаКарпова Ирина Валентиновна

Карпова Ирина Валентиновна 1958 жылы 9 желтоқсанда Новгород қаласында  дүниеге келді. Ата-анасы  Павлодар облысының Ермак қаласына көшіп келді. 1975 жылы МАЭС кентінің орта мектебін бітірді. 1976 жылы Ермак мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түседі. 1978 жылы оқуын бітіріп, кітапханашы дипломына ие болды.

Ирина Валентиновна  өзінің еңбек жолын 1978 жылы Пионерлер үйінде кітапханашы болып бастады. 1978 жылдың қараша айында Ақсу ОКЖ-не  келіп, Орталық балалар кітапханасының аға кітапханашысы  қызметіне орналасып, сол лауазымда  1997 жылдың шілде айына дейін қызмет етті. Сол жылы отбасылық жағдайына байланысты  №8 орта мектебінің кітапханасына жұмысқа ауыстырылды.

2003 жылдың ақпан айынан 2015 жылға дейін Орталықтандырылған кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде аға кітапханашы қызметін атқарды. Жұмыс кезеңінде өзін сауатты маман ретінде көрсете білді. Ирина Валенитиновна  қай бөлімде қызмет етсе де жұмысын адал атқарып, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін.

2003 жылы оның бастамасымен балалар әдебиеті бөлімінде «Семейный круг» атты отбасылық кітап оқу клубы ашылып, жұмыс жасады, ал 2006 жылы «Золотой ключик» клубы, 2010 жылдан «Читайка» клубы өз жұмысын бастады. Ирина Валентиновна іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп, клуб отырыстарының сценарийлерін өзі дайындап, балалармен жұмыс жасаудың жаңа формаларын енгізді.

Ұжым мен оқырмандар арасында жоғары құрметке ие. Ол -  ықыласты, барлығына қол ұшын беруге дайын жан. 2010 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін  кәсіподақ ұйымының төрайымы болды. Еңбек жолында бірнеше рет мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен, қала  әкімі, Павлодар облысының әкімі,  Павлодар облысы Мәдениет Департаменті басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

2016 жылдың қаңтарында зейнеткерлік демалысқа шықты.

 


 
Татьяна СтепановнаКлюшникова Татьяна Степановна

Клюшникова Татьяна Степановна 1959 жылы 20 желтоқсан күні Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Северка селосында дүниеге келді. 1967 жылы ата-анасы Қазақстанға көшіп келді. 1967 жылы Ақсу кентіндегі №3 мектепке  бірінші сыныпқа барды. 1977 жылы Ермак мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсті. 1979 жылы Ермак мәдени-ағарту училищесін бітірген соң Татьяна Степановна өзінің еңбек жолын Алтай өлкесінің Славгород қаласында Орталық кітапханада оқу залының меңгерушісі лауазымында бастады.

1980-1985 жылдары аралығында  Алтай мемлекеттік институтын жоғары категориялы кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша сырттай оқып бітірді. 1983 жылы Ақсу ОКЖ келіп, Ақсу кентінің №4 қалалық балалар кітапханасында  кітапханашы, кейін  кітапханашы, Ақсу кентінің №2 қалалық кітапханасының аға кітапханашысы қызметтерін атқарды.

Ақсу ОКЖ таратылғаннан кейін 1997 жылдан 2001 жылға дейін жұмыссыз отырды. Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасына 2001 жылдың қыркүйек айында ересектер бөлімі абонементінің кітапханашысы болып орналасты, 2008 жылдан  бастап оқу залының кітапханашысы болып ауыстырылып, зейнеткерлік демалысқа дейін қызмет етті.

Татьяна Степановнаның  өзінің мамандығы мен  кітаптарға деген сүйіспеншілігі зор, оқырмандарға қояр талабы жоғары. Ол өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап,  оқырмандарға арнап дөңгелек үстелдер, әдеби, тақырыптық кештер ұйымдастырып, өзі сценарий дайындап,  бұқаралық іс-шараларға шығармашылық жағынан қатысып, жаңа әдебиеттерді оқырмандар арасында насихаттаумен айналысты.

2005-2010 жылдар аралығында Орталықтандырылған кітапхананың кәсіподақ ұйымын басқарды. Татьяна Степановна - жақсы ұйымдастырушы, өте қуатты, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, жеткен жетістіктерінде тоқтамай алға талпынатын жан. Ұжым мен оқырмандар арасында  құрметке ие, өзіне және айналасындағыларға қояр талабы жоғары, қарым-қатынаста  ынталы, қуатты, табанды.

Еңбек жолы кезеңінде бірнеше рет Ермак аудандық мәдениет бөлімінің грамоталарымен, Ақсу қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен, қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.