Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақ халқының мақтанышы» оқырман конференциясы
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Бүгін 5 қыркүйек Ахмет Байтұрсыновтың туылған күні. Осыған орай, Орталық кітапханада «Қазақ халқының мақтанышы» оқырман конференциясы өтті.
Конференцияға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкелердің біліктілін арттыру институтының» Педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан және Май ауданы мен Ақсу ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары, Ақсу қаласының құрметті азаматтары қатысты. Шараға қатысушылар назарына «Ахмет Байтұрсынов: қазақ тілі мәселелері» бейнефильм көрсетілді. Баяндама оқығандар: Ақсу қаласының №2 ОМ оқытушысы Хайруллинова С.С., №7 ОМ оқытушылары Айор Ж. және Махметов Т.А., Қ.Шүлембаев атыңдағы ОМ оқытушысы Жумабаева М.С., Санитарлық-эпидемиялық басқармасының жетекші маманы Қалымбаева М.Ж.
Оқу залының кітапханашысы Г.Нұрғалиева «Қазақ халқының мақтанышы» кітап көрмесі бойынша шолу өткізді.
Ахмет атамыздың өлеңіне жазылған Димаш Құдайбергеннің орындауында «Екі жирен» әнінің клипі көрсетілді.
Шара соңында Ақсу қаласының құрметті азаматтары Арынов З.А, Сламбекова Р.Х., Қондыкерова С.Қ. сөз сөйледі.