Бүгін: 02.11.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

IMG-20221101-WA0004.jpgБүгін балалар әдебиеті бөліміне №1 ОМ 7"А" және 7"Г" сынып оқушылары келді.

Кітапханашы Г. З. Нұрғалиева балаларға кітапхана бөлімдері бойынша экскурсия өткізді, кітап қорымен, кітапхана жұмысымен таныстырды, кітап және кітап оқу туралы әңгімелесті.

Содан кейін ол "Бәйге", "Полиглот", "Ең ақылды" және "Школьный Ералаш" атты 4 раундттан тұратын "21 ғасыр көшбасшысы"интеллектуалды ойынын өткізді.

Балалар жақсы білім көрсетті.

Ең белсенділері жүлделер алды. Шара соңында оқушы Смағұл Ансар "Күнге табыну" әнін орындады.