Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

IMG_20230412_174425_640_Копировать.jpgХалық үшін аянбай күрескен батыр, композитор, балуан, батыр, әнші әрі суырып салма ақын. Дана ақын, дара ақын болмысы ешкімге ұқсамайтын ғажап ақын Иманжүсіп Құтпанұлының  160 жылдығына орай «Даланың ұлы баласы» атты өлкетану сағаты өтті.

WhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14.jpeg

4 сәуірде Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Данияның ұлы ертегішісі Г.Х. Андерсеннің туған күнінде өтетін Халықаралық балалар кітабы күніне орай Ақсу қ. №4 ОМ 5 «В» сынып оқушыларына арналған «Андерсен әлеміне» әдеби квест өтті.

IMG_20230306_212324_361_Копировать.jpg6 наурыз күні  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Орталық кітапханада Ақсу қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Aqjol» газетінің тілшісі Шәмшат Жағыпарқызы Жүнісқалимен «Ана-жарды сыйлаңыздар» атты шығармашылық кездесу өтті. Жүргізушілер Шәмшат Жағыпарқызының өмірі мен шығармашылық қызметі туралы айтып берді.

IMG_20230317_183526_669.jpg

Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі. 21 наурыздан бастап, Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелуі күні атап өтіледі. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат, шұрайлылық пен достық салтанатының символы болып табылады.

WhatsApp_Image_2023-02-27_at_12.43.17_2.jpeg

27 ақпанда Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Ақсу қ. Абай ат. ОМ 0 сынып оқушылары үшін «Ертегі әлемі» әдеби сағатын өткізді.