Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

WhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14.jpeg

4 сәуірде Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Данияның ұлы ертегішісі Г.Х. Андерсеннің туған күнінде өтетін Халықаралық балалар кітабы күніне орай Ақсу қ. №4 ОМ 5 «В» сынып оқушыларына арналған «Андерсен әлеміне» әдеби квест өтті.

Әдеби квест барысында балалар ұлы ертегішінің өмірі мен шығармашылығы туралы білді, «Андерсен ертегілері әлемі» кітап көрмесінен оның әйгілі және сүйікті ертегілерін еске алды.

         Содан кейін балалар «Су перизаты», «Түймеқыз» және «Қар патшайымы» атты 3 командаға бөлініп, «Кроссвордляндия», «Математическая», «Сказочная», «Шифровальщик», «Угадайкино», «Морская» бекеттерін аралап, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Жеңімпаз «Қар патшайымы» командасы болды. Балалар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды және әрқайсысы Г. Х. Андерсеннің сүйікті ертегілерін қайтадан оқығысы келді.

WhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14_5.jpegWhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14_4.jpegWhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14_3.jpegWhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14_2.jpegWhatsApp_Image_2023-04-04_at_16.18.14_1.jpeg