Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

5dfdfdb1-0a4a-438e-a7e9-68cee1135d1f.jpg

Заманауи кітапхананың не екенін және оның не ұсынатынын білудің ең жақсы жолы – 21 ақпан күні Ақсу өңірінің кітапханаларында «Кітапханада кездесеміз!» деген атпен өткен Ашық есік күніне келу.

Қазіргі әлемде кітапхана – бұл жай ғана кітап қоймасы, үйге әдебиет беру орны емес, ол – кездесу, жұмыс, оқу және шығармашылықпен айналысатын орын.

Күні бойы жүйе кітапханаларында конкурстар, кітапхана бойынша танымдық интерактивті экскурсиялар, кітап көрмелерінің тұсаукесерлері, әдеби және танымдық ойындар өткізілді. Оқырмандар кітап жаңалықтары, заманауи электрондық ресурстар, сондай-ақ кітапхана іс-шаралары туралы білді. Қонақтар жазушылардың, ақындардың өмірі мен шығармашылығымен танысып, қызықты шеберлік сабақтарына қатыса алды. Балалар үшін ойын кітапханасы жұмыс істеді: «Үстел ойындары, қозғалмалы, қызықты».

Ақсу қаласының Орталық кітапханасы «Кітапханада кездесеміз!» деген ұранымен ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне алғашқы келушілер қазақ халық композиторы, ақын, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Елдің халық ақыны» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысқан Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінің орта мектептерінің оқушылары болды. Сайысқа 7-9 сыныптар арасынан 25 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Үштерек а. ОМ 8-сынып оқушысы  Тамей Аружан, 2 орынды Ақсу қ.  Абай ат. ОМ  оқушысы Жансара Жанабаева және  3 орынды Үштерек а. ОМ 7-сынып оқушысы Сүкір Аяулым иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Ақсу қаласының №4 ОМ 4-сынып оқушылары балалар әдебиеті бөлімінде өткен балалар жазушысы және ақыны М.Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Дала ұлы» библиография күніне қатысты. Балалар М. Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Содан кейін кітапханашы А. Грипас пен библиограф Е. Щипунова шығармадан үзінді оқып, автордың  шығармаларындағы айтар ойды түсіндірді. Балалар өз ойларын айтып берді, тыңдалған шығармаларға «суреттер-иллюстрациялар» салды, жұмбақтар шешті, «Әлімбаев» кластерін құрады, «Мен балаларға өз өлеңдерімді сыйлаймын» атты кітап көрмесінде ұсынылған М.Әлімбаевтың шығармаларымен танысты.

Құркөл ауылдық кітапханасы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған «Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп» атты танымдық сағат өткізді. Оқырмандар жерлес ақын, ойшыл, тарихшы, шығыстанушы этнограф және қазақ халқының ауызша халық шығармашылығын жинаушының өмірі мен шығармашылығымен танысты.

Қалқаман ауылдық кітапханасы «Бүгін бәріміздің осында жиналғанымыз қандай керемет» ұранымен ашық есік күнін өткізді. Бұл күні Қалқаман ауылы орта мектебінің 4-6 сынып оқушылары үшін Шарль Перроның ертегілері бойынша викторина өткізілді. Павлодар облысының 85 жылдығына арналған «Менің туған Ертіс өңірім» кітап көрмесіне шолу жасалды.

 Ақсу өңірінің кітапханаларында Ашық есік күні өте қызықты және мазмұнды өтті, оны барлық кітап сүйер қауым үшін мереке деп атауға болады.

93b2ad0f-65b2-4777-bbae-d8f2f74fb137.jpgadc272ae-7ea3-4aec-9a93-c047c8daa55b.jpgDSC_2234.JPGDSC_2284.JPGWhatsApp_Image_2023-02-21_at_16.37.31.jpegWhatsApp_Image_2023-02-21_at_17.10.03.jpeg5.jpg