Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

18 қарашада Орталық кітапханада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Жарқын арман ақыны» өлең оқу сайысы өтті. Сайыс екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар ақынның шығармаларынан үзінділерді жатқа оқыды.

29 қыркүйек  күні  Орталық  кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде  «Кітап тайм-2023» кітап фестивалі шеңберінде өткен «Әжемнің ертегісі» дауыстап оқу өтті.  Абай жалпы білім беру мектебінің 1 «Е» сынып оқушылары қатысты. Кекилова Дәметкен Байболатовна  әжеміз   «Айлакер бала» атты қазақ ертегісін оқып балалармен қызықты ойындар өткізді.

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - "Еңбек күні" мерекесі болып бекітілді. Осы күнге орай оқырмандар назарына "Жұмысшылар қаласы" атты бейнематериалды ұсынамыз.

29 қыркүйекте Орталық кітапханада жыл сайынғы «KіtарTime-2023» фестивалі өтті. Фестиваль С.Торайғыров ат. ОӘҒК ұйымдастыруымен Сатыбалдин Серік Қинаятұлы және Алпысбай Хонжмен кездесу өткізіліп, «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесерімен басталды. Шара одан әрі Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Дарындылар арасындағы дара талант» әдеби қонақжайымен жалғасын тапты. Онда қатысушылардың назарына «Қонақтар» әңгімесі бойынша театрландырылған қойылым мен бейнеролик ұсынылды. Сонымен қоса, фестиваль аясында шағын және ретро кітаптар көрмесі, «Ауылға кітап» акциясы және қолөнер мен сурет көрмесі ұйымдастырылды.

20 қыркүйекте Инстаграм парақшасында «Цвет настроения-книжный» виртуалды кітап анонсы туралы бейне хабарлама шықты. Бұл шығарылым Джек Лондонға арналған «Лунная долина» кітабына негізделген.