Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

IMG 20230512 WA000412 мамырда Орталық кітапханада М.Ж. Көпеевтің 165 жылдығына арналған «Мәшһүр Жүсіп Көпеев-алтын жердің өзегі» әдеби қонақжайы өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар қонақтарды қазақтың ұлы ақыны, публицист, ойшыл, тарихшы, этнографтың шығармашылығымен таныстырды. Абай және Ы. Алтынсарин ат. мектеп оқушылары: А. Дүйсенбі, Т. Хурманғаз, А. Құдайбергенова, А. Хойшыбай, М. Асхатұлы, А. Қанатқызы  М. Ж.Көпеевтің өлеңдерін оқыды. Ы. Алтынсарин ат. мектептің 7 «В» сыныбының оқушысы Сәрсенбай Нурсат Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы «Ұлы тұлғаға арнау» атты өз шығарған өлеңін оқыды. Ақсу қара металлургия колледжінің педагогы Халимхан Уәлихан Мәшһүр Жүсіп пен оның кесенелері туралы қызықты деректермен бөлісті. Саметова Камиланың орындауындағы күй шырқалды. «Аңыз тұлға»  кітап көрмесінің әдебиеттеріне  шолу жасалды.

IMG 20230512 WA0000IMG 20230512 WA0001IMG 20230512 WA0002IMG 20230512 WA0003IMG 20230512 WA0004IMG 20230512 WA0005IMG 20230512 WA0006

IMG 20230512 WA0007