Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

18 қарашада Орталық кітапханада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Жарқын арман ақыны» өлең оқу сайысы өтті. Сайыс екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар ақынның шығармаларынан үзінділерді жатқа оқыды.

Қазақтың көрнекті ақын-демократының шығармаларын Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінің мектептерінен 22 сайыскер оқыды.

Жамбыл ат. ОМ 7 сынып оқушысы Ахман Айдана сайыс жеңімпазы болды, 2 орынды Жамбыл ат. ОМ 6 сынып оқушысы Құрманғазы Нұрмахамбет, 3 орынды Ақсу қ. Абай ат. ОМ 7 сынып оқушысы  Смагулова Арина иеленді.

Сайыс соңында қатысушылар үшін С. Торайғыров туралы бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы Г. Нургалиева кітап көрмесіне шолу жасады. Сондай-ақ, Баяндинова Айнұрдың орындауында «Қайтар маган» әні шырқалды