Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

19 мамыр күні Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасында "Оқитын ұлт" жобасы аясында "Мәдениет біріктіреді" атты "Библионочь - 2023" акциясы өтті. Сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарын келесі бағдарлама күтіп тұрды: "Синяя птица" театрының театрландырылған қойылымы, "ТОП -10 кітап" флеш-мобы, "Музыкалық тайм - аут": "ЭКШЕН" би академиясы және балалар шығармашылығы үйінің хореографиялық ансамбльдері; шеберлік сыныптары: "Пластилин әлемі", "Гипстен сиқыр", "Көбелек" және тағы басқалар.

Акцияның мақсаты – кітап оқуды асихаттау, мәдени демалыстың жаңа форматтарын ұйымдастыру. Іс- шараны "SUETA SHOW"  тобының аниматорлары ашты. Барлығына да қызықты болды - балаларға да, ересектерге де. Іс-шара соңында кітап лотереясы өткізілді. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды. Акцияға 80-нен астам адам қатысты.