Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

29 қыркүйекте Орталық кітапханада жыл сайынғы «KіtарTime-2023» фестивалі өтті. Фестиваль С.Торайғыров ат. ОӘҒК ұйымдастыруымен Сатыбалдин Серік Қинаятұлы және Алпысбай Хонжмен кездесу өткізіліп, «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесерімен басталды. Шара одан әрі Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Дарындылар арасындағы дара талант» әдеби қонақжайымен жалғасын тапты. Онда қатысушылардың назарына «Қонақтар» әңгімесі бойынша театрландырылған қойылым мен бейнеролик ұсынылды. Сонымен қоса, фестиваль аясында шағын және ретро кітаптар көрмесі, «Ауылға кітап» акциясы және қолөнер мен сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында  оқу залының кітапханашысы «Бір ел-бір кітап» көрмесіне шолу жасады. «Ауылға кітап» акциясында 100-ден аса кітап сыйға тартылды
Фестивальдің екінші бөлімі жергілікті ақындар мен кітап авторларына арналған «Адамдарға ақындар өте қажет!» поэтикалық акварельмен жалғасты. Шара қонақтары «Родники» клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары: Қ.Нәбиев, Ш.Құсайынова, айтыскер Зарлық Мұхаметқали, Қара металлургия колледжінің ТТОРК-2322 тобының студенттері мен ұстазы Д.Абылайқызы  және Үштерек а. ОМ оқушылары: Я.Хадилманатұлы, А. Әл-Фараби, А.Даулет болды. Ақындар өлең сүйер қауымға өлең жазу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.