- 291
Бүгін, 1 қазан – қарттар күні мерекесінде орталық кітапхана ұжымы кітапхана жүйесі ардагерлерінің үйлеріне барып, хал-жағдайларын сұрасып, мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
- 279
24 қыркүйекте «Kitap Time-2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Орталық кітапханада «BookTime: оқу аумағы» атты әдеби кеш өтті. Кітап оқуды және жаңашылдықты сүйетін қала жастары қонақ болды.
- 211

19 қыркүйекте Ақсу қ. Орталық кітапханасында «Оқырман мен қаламгер» жобасы аясында С.Торайғыров университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Амантай Құдабаевтың «Ақ сиса» кітабының таныстырылымы өтті.
- 198
17 қыркүйекте Орталық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мәдениеттер диалогы» атты этномәдени орталықтармен кездесу өтті.
- 254
4 қыркүйек күні Ақсу қаласының мектеп-лицейінің 1 «А» сыныбының оқушылары кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне келіп, өздері үшін жаңа кітаптар әлемін ашты.
- 356
28 тамыз күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің жас буын өкілдерімен тағылымды кездесу өтті.
- 411
27 тамызда Ақсу қаласының Орталық кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
- 260
21 тамыз күні Орталық кітапханада көрнекті ақын, Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі айтыстардың жүлдегері, жас ақын Жұмәлі Мизанның «Дауылпаз» атты жыр жинағы көпшілікке таныстырылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен әдебиет сүйер қауым жиналды. Қатысушылар автормен еркін әңгіме құрып, туынды жайлы терең ой-пікірлерімен бөлісті. Шара тек кітап таныстырылымы ғана емес, рух пен сөз өнерінің тоғысқан, шабыт пен сырға толы ерекше кездесу болды.
- 263
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Мойылды төрінде қазақтың әйгілі әнші-сазгері Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдық мерейтойына арналған мәдени шара аясында Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы арнайы көрме ұйымдастырды.
- 301
7 тамызда қалалық жағалауда Ақсу қаласының орталық кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай дана-Абай дара» әдеби - музыкалық кешін өткізді.





