Бүгін: 30.10.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

10 тамызда Қазақстанда философ, ақын, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың (1845 – 1904)  туғанына 179 жыл толуына орай Абай күнін салтанатты түрде атап өтіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл мемлекеттік мереке төрт жыл бұрын атаулы күн – ұлы классик  және ойшылдың 175 жылдығы қарсаңында құрылған болатын. «Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», - деп түсіндірді жаңа мерекенің бекітілуін осылай түсіндірді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

10 тамызда Абай күні қарсаңында Ақсу өңірі жүйесінің барлық кітапханаларында ұлы жазушыға арналған іс-шаралар топтамасы өтті.

Абай күні қарсаңында Ақсу қ. орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай менің жүрегімде» челленджі іске қосылды, онда ақынның өлеңдері оқылды, оған Ақсу өңірінің қызметкерлері, кітапхана пайдаланушылары мен тұрғындары қатысты.

Іс-шара аясында Орталық кітапханада ұйымдастырылған «Абай-дана, Абай-дара тұлға» көрмесі кітапхана пайдаланушылары мен қонақтарына Абайдың шығармашылық әлеміне енуге мүмкіндік берді. Мұнда оның өмірі мен мұрасының сан алуан қырларын көрсететін, қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін терең ұғынатын кітапхана қорындағы құжаттар ұсынылды.

9 тамызда Орталық кітапханада Ақсу гарнизонының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ЖБДО жастары мен кітапхана оқырмандары үшін «Абай – ұлы тұлға» атты портрет кеші өтті. Абай ат. ЖОББМ  І. Асанбек пен Ә. Ербол ақынның өлеңдерін оқыды, «Абайдың өмірбаяны» бейнеролигі көрсетілді, сондай-ақ А.Баяндинова мен Г. Омарғалиеваның орындауында ақынның «Көзімнің қарасы», «Айтым сәлем, қаламқас» әндері шырқалды, ал ойын түрінде өткізілген викторина қатысушыларға Абай және оның шығармашылығы туралы білімдерін тексеруге мүмкіндік берді.

9 тамызда Айнакөл а/к 5-6 сынып оқушылары арасында «Қара сөздің қасиеті» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті; 9 тамызда Пограничник а/к ақынның өлеңдерін оқумен «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты оқырмандарға арналған музыкалық-әдеби кеш өтті.