- 244
«Менің өмірім роман жазуға себеп емес» - Борис Власовтың сөзі. 27 мамырда орталық кітапханада жергілікті ақынымыз Борис Григорьевич Власовтың «Душа моя живет селом» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Ауыл туралы өлеңдер балалық шақтың шынайы бастан кешкен оқиғалары мен естеліктерінен құралғандықтан ең әсерлі. Борис Григорьевич Власов 1962 жылы Ермаков ауданындағы Грязновка ауылында /қазіргі Мәмәйіт Омаров атындағы ауылда дүниеге келген. Балалық шағы Ертіс өзенінің жағасындағы көркем жерлерде өткен. Мүмкін сол кезде жас Боря оны қоршап тұрған шабындықтардың, өрістердің, ормандардың сұлулығы туралы айтуға тырысты.
- 396
19 мамыр күні Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасында "Оқитын ұлт" жобасы аясында "Мәдениет біріктіреді" атты "Библионочь - 2023" акциясы өтті. Сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарын келесі бағдарлама күтіп тұрды: "Синяя птица" театрының театрландырылған қойылымы, "ТОП -10 кітап" флеш-мобы, "Музыкалық тайм - аут": "ЭКШЕН" би академиясы және балалар шығармашылығы үйінің хореографиялық ансамбльдері; шеберлік сыныптары: "Пластилин әлемі", "Гипстен сиқыр", "Көбелек" және тағы басқалар.
- 304
12 мамырда Орталық кітапханада М.Ж. Көпеевтің 165 жылдығына арналған «Мәшһүр Жүсіп Көпеев-алтын жердің өзегі» әдеби қонақжайы өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар қонақтарды қазақтың ұлы ақыны, публицист, ойшыл, тарихшы, этнографтың шығармашылығымен таныстырды. Абай және Ы. Алтынсарин ат. мектеп оқушылары: А. Дүйсенбі, Т. Хурманғаз, А. Құдайбергенова, А. Хойшыбай, М. Асхатұлы, А. Қанатқызы М. Ж.Көпеевтің өлеңдерін оқыды. Ы. Алтынсарин ат. мектептің 7 «В» сыныбының оқушысы Сәрсенбай Нурсат Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы «Ұлы тұлғаға арнау» атты өз шығарған өлеңін оқыды. Ақсу қара металлургия колледжінің педагогы Халимхан Уәлихан Мәшһүр Жүсіп пен оның кесенелері туралы қызықты деректермен бөлісті. Саметова Камиланың орындауындағы күй шырқалды. «Аңыз тұлға» кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды.
- 345
14 сәуірде Орталық кітапханада қала және Ақсу өңірі мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Олар қаламыздың даңқын асқақтатты» жобасы аясында «Мен мақтан тұтатын жерлесім!» атты эссе сайысы өтті. Сайыстың мақсаты жас ұрпақтың назарын қаламыздың және өңіріміздің танымал адамдарына аудару, жерлестеріміздің Қазақстанның мәдени мұрасындағы өмірі мен қызметінің маңыздылығын көрсету, конкурстық жұмысты құру процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.
- 290

Бүгін балалар әдебиеті бөлімінде 5 "А" сынып мектеп лицейінің оқушылары үшін адамның ғарышты бағындыруының 62 жылдығына арналған"Ғарыштың жұмбақ әлемі" медиакалейдоскопы өтті.
Балалар медиа-викторинаға және түрлі конкурстарға қатысты.
ах.
- 276
Халық үшін аянбай күрескен батыр, композитор, балуан, батыр, әнші әрі суырып салма ақын. Дана ақын, дара ақын болмысы ешкімге ұқсамайтын ғажап ақын Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай «Даланың ұлы баласы» атты өлкетану сағаты өтті.
- 269

4 сәуірде Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Данияның ұлы ертегішісі Г.Х. Андерсеннің туған күнінде өтетін Халықаралық балалар кітабы күніне орай Ақсу қ. №4 ОМ 5 «В» сынып оқушыларына арналған «Андерсен әлеміне» әдеби квест өтті.
- 316

Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі. 21 наурыздан бастап, Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелуі күні атап өтіледі. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат, шұрайлылық пен достық салтанатының символы болып табылады.
- 245
6 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Орталық кітапханада Ақсу қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Aqjol» газетінің тілшісі Шәмшат Жағыпарқызы Жүнісқалимен «Ана-жарды сыйлаңыздар» атты шығармашылық кездесу өтті. Жүргізушілер Шәмшат Жағыпарқызының өмірі мен шығармашылық қызметі туралы айтып берді.
- 243

27 ақпанда Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Ақсу қ. Абай ат. ОМ 0 сынып оқушылары үшін «Ертегі әлемі» әдеби сағатын өткізді.





