Бүгін: 08.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Дәстүр бойынша наурыз айының соңында еліміздің кітапханаларында тамаша мереке — Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы өтеді. Балалар кітабының алғашқы аптасы Мәскеуде 1943 жылы наурызда Колонно залында өтті. Сол кезде Ұлы Отан соғысы жүріп жатты, бірақ осы қиын уақытта ересектер балаларға керемет мереке ұйымдастыра алды. Ол балалардың естерінде мәңгі қалды. Содан бері Балалар кітабы апталығы жақсы дәстүрге айналып, жыл сайын еліміздің қалалары мен ауылдарында өтеді.

Балалар кітабы апталығы аясында 25 наурыздан 29 наурызға дейін жүйенің барлық кітапханаларында іс-шаралар циклі өтті.

25 наурызда Ақжол ауылдық кітапханасында өткен «Ойнайық-табайық» квизбукінде әр түрлі жастағы балалар қатысты. Балалар «Сиқырлы заттар» және «Кітап шатасуы» сайыстарына қатысты. Барлығын өте зейінді адам ғана болжай алатын «қиын» шатастыратын «Әріптерге көмектесу» және «Театр-экспромт» жұмбақ ойындары қызықтырып, көңілдерін көтерді. Мереке соңында әрбір қатысушы тәтті сыйлыққа ие болды.

26 наурызда «Аптаның екінші күні...» Құркөл ауылдық кітапханасы 1-4 сынып оқушыларына арналған  «Ең үлкен де ұлы тәрбие құралы - кітап» атты дауыстап оқу өткізді. Балалар «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерін тыңдады. Сонымен қатар олар өздерінің сүйікті ертегілерін оқып берді.

Ақсу қаласының ОК балалар әдебиеті бөлімінде «Оқитын балалар бәрінен де ақылды» атаумен Балалар кітабы апталығының ашылуы өтті.

«Аптаның ...» бірінші күні «Ең көп оқитын отбасы» байқауымен басталды, оған 7 отбасы қатысты.

Байқау мейірімге толы, жағымды көңіл-күйде өтті. Барлық сайыскерлер жақсы дайындалған, белсенді болды, ең бастысы, олардың барлығын кітапқа деген сүйіспеншілік біріктірді.

Әр отбасы визит карточкасын дайындады, онда олар өздерінің отбасы жайлы және отбасылық оқу дәстүрлері туралы айтты.

Байқаудың екінші «Оқу сәнді» кезеңінде отбасылар кітап оқуға шақыруы керек болды. Онда оқу дұрыс, пайдалы, сәнді іс екенін дәлелдеу. Кітаптың гаджеттерден артықшылықтарын көрсету.

Байқаудың үш кезеңінің қорытындысы мен қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың жеңімпаздары: 1-ші орын Ахмедиевтер отбасы, 2-ші орын Темирбаевтар отбасы, 3-ші орын Авилхан отбасы, олар грамоталар мен жүлделерге иеленді.

Ал қалған отбасылар қатысқаны үшін алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Біздің сайыскерлер бүгінде оқырмандар ғана емес, талантты оқырмандар екенін дәлелдеді.

27 наурызда балалар әдебиеті бөлімінде «Аптаның...» екінші күні өтті, мұнда Абай ат. ОМ, Ы.Алтынсарин ат. ОМ және Қ.Сәтбаев ат. қазақ гимназиясының 2-4 сынып оқушылар үшін қазақ ақыны М.Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби пульс өткізілді. Оқушылар балалар ақыны М. Жаманбалиновтың шығармашылығымен танысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрді. Содан кейін балалар «Ұяшық таңдау», «Қайтала» және т. б. ойындарға белсенді қатысты.

28 наурыз күні Достық ауылдық кітапханасында 3-5 сынып оқушыларына арналған «Кім ақылды» әдеби викторина ойыны өтті. Балалардың назарына әдеби кейіпкерлер туралы бірнеше тапсырмалар ұсынылды.

1. әдеби кейіпкердің есімін толықтыру қажет болды;

2. оның қай шығармадан және оны кім жазғанын айту;

3. бұл әдеби кейіпкер адам немесе жануар екенін табу.

Кітапханашының сұрақтарына жауап бере отырып, балалар басын изеуі немесе қол шапалақтауы керек болды. Әдеби викторина ойынның барлық қатысушыларын ертегілер мен шытырман оқиғалар әлеміне енуге мәжбүр етті. Барлық балалар іс-шараға белсенді қатысып, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Балалар кітабының апталығын қорытындылай келе, іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру ілгерілемелі және шығармашылық сипатта болды деп айта аламыз. Нәтижесінде кітапханаларда көптеген оң пікірлерге ие болды.

Балалар кітабы апталығы барысында өңірдегі балаларға арналған 70-тен астам іс-шара өтті, оған мыңнан астам бала қатысты.