Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

13 ақпанда Ақсу қаласының орталық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Әлі есімізде, біз өмір сүреміз» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары ауған соғысының ардагерлері Әбуов Қалдыбек Нығманұлы мен Теміржан Темірбекұлы Омаров болды. 

Іс-шараға Ақсу қаласының №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, №7 мектептің тарих пәнінің оқытушысы О. Ю. Хворова, кітапхана оқырмандары шақырылды.

Әңгіме басында, жүргізушілер, қатысушыларды Ауған соғысының қысқаша тарихымен таныстырды, оған қазақстандықтардың, жерлестеріміздің қатысуы туралы айтты.

Тарих пәнінің мұғалімі О. Ю. Хворова «Соғыс үшін ешкім жаратылған жоқ...» ғылыми жобасымен таныстырды. Кабулда, Кандагарда болған ардагерлердің қысқаша естеліктерін оқыды.

Содан кейін сөз Ауған соғысының ардагерлері К.Н. Әбуов және Т.Т.Омаровқа берілді.

«Ауғанның - отты жалыны» әдебиетін қарау ұйымдастырылды, онда Ауған соғысы туралы өлеңдер мен деректі проза ұсынылды.

Бір минут үнсіздікпен қатысушылар осы соғыста қаза тапқандардың барлығын еске алды.

Кездесу соңында А. Баяндинованың орындауында «Анаңды сүйсең менше сүй!».