Бүгін: 07.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

19 наурызды Қазақстандықтар Жаңару күні деп атап өтті. 2019 жылы дәл осы күн мемлекет пен қоғамда түбегейлі өзгерістер басталған еліміздің жаңа тарихындағы бетбұрыс болды. Бұл күні Орталық кітапхана алаңында Қара металлургия колледжінің студенттері мен барлық қатысушылары үшін «Наурыз-жарық пен ізгілік мерекесі» фольклорлық мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Мереке Б.Жақыпованың «Наурыз шашу» әнімен, сондай-ақ дәстүрлі шашу мен Қыдыр атаның батасымен ашылды. Содан кейін жүргізушілер мереке қонақтарын Наурыз мерекесінің тарихымен таныстырды. Қонақтардың назарына «Асыл мұра» клубының мүшелері қазақтың «қоржын салу» дәстүрін ұсынды. Қатысушылар үшін әндер мен би нөмірлері орындалды. Қонақтарға «Дәстүрлі Наурыз» викторинасының сұрақтары қойылды, онда қонақтар ұшқырлық пен тапқырлық танытты, қазақтың «Арқан тарту» және т.б. ойындарын ойнады және іс-шараның белсенді қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Мереке соңында кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесіне орай барлық қатысушыларға бауырсақ таратылды.