Бүгін: 31.10.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

11 сәуірде орталық кітапханада археолог-ғалым, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы – Әлкей Марғұлан мұрасы» атты конференция өтті.

Конференцияға қала мектептерінің оқытушылары мен оқушылары, Қара металлургия колледжінің студенттері қатысты. Конференцияда Ә.Марғұланның археология, филология және ғылымға қосқан үлесі туралы баяндамалар тыңдалды.

Конференцияны қаланың құрметті азаматы С. К. Кондыкерова қорытындылап, Әлкей Марғұланның ғылыми және шығармашылық тұлғасының бірегейлігі, сан қырлылығы шексіз екенін айтты.