Бүгін: 19.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Биылғы жылы 10 қарашада жерлес ақынымыз Нұтфолла Шәкенов 95 жасқа толар еді. Көрнекті ақын, журналист, ұстаз Ақсу ауданның Қ.Камзин ат. ауылда дүниеге келген. 1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде тіл факультетін бітіреді. Редактор қызметін атқара жүріп, университетте 20 жылдан астам ұстаздық етеді.

Кітапханада әдеби-музыкалық караоке кеші өтті, онда жастарға Нұтфолла Шәкеновтің әндерін айтуға мүмкіндік берілді. Іс-шараны Ақсу қаласының білім бөлімі Ақсу балалар экотехникалық орталығының оқытушысы Айнұр Рамазанқызы Баяндинова жүргізді. Оның орындауында Н.Шәкеновтің «Әке туралы ой» әні шырқалды. Шәкеновтің өлеңдеріне белгілі композиторлар: Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е. Брусиловский, Б. Байқадамов, А.Еспаев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанов, М.Маңғытаев және басқалар музыка жазды. Оның әндерін Қазақстанның танымал орындаушылары шырқайды; М.Жүнісова, Р.Рымбаева, А.Иманбаева, Т. Асар, Тоқтар мен Бейбіт, «Дос-Мұқасан» тобы және тағы басқалар. Жастар караокеде Шәкеновтің «Іздедім сені», «Су тасушы қыз», «Махаббат вальсі» және т.б. әндерін орындады. Үлкен экранда оның «Еркежан» әнінің бейнебаяны көрсетілді. Кеш «әуенді тап» және «суретті тап» ойындарымен жалғасты. Кітапханада «Жырдың гүлін төккен ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға қара металлургия колледжінің студенттері қатысты.