Бүгін: 07.05.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

15 наурызда Орталық кітапхана аумағында кітапхана қызметкерлері «Масленица - блинница, весны именинница» ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Аудиторияны Ақсу қаласының №7 ОМ 5 «А» сынып оқушылары құрады.

Іс-шара Масленица мерекесінің қалай пайда болғандығы, ежелде оны қалай атап өтілетінін, масленица апталығының әр күнінің мәні туралы әңгімеден басталды. Балалар жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді. Жиналғандар «Здравствуй, Масленица» кітап көрмесіндегі масленица апталығының халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейтін  кітаптармен танысты. Содан кейін бәрі бірге Масленица ханымның көңілін көтерді.

Көңілді ойындар мен қызықтарсыз Масленица қалай болады? Балалар түрлі ойындарға үлкен қуанышпен қатысты, айнала биледі, Масленица туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер тапты.

Іс-шара билермен және көңілді әндермен сүйемелденді, соңында Масленица барлық қатысушыларға құймақ пен кәмпит берді.