Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5 наурыз күні Ақсу қ. ОК оқу залында «Родники» клубының мүшелерінің қатысуымен «Біз әйелдерді ардақтаймыз» атты поэтикалық кеш өтті. Бұл – біздің жүрегімізде сақталған барлық сезімдеріміз әлемдегі ең жақын, ең қымбат адамдарға аналарымызға, әжелерімізге алғыс сөздерімен көрінетін ерекше күн.

Осы күні жүргізушілер тарапынан барлық қатысқан әйелдерге жылы құттықтаулар мен өлеңдер оқылды. Қонақтардың назарына «Бар әлемді махабатқа бөлеген» тақырыптық көрме ұсынылды.

Адамзаттың әдемі жартысына ер адамдар жылы лебіздер мен құттықтаулар арнады.

Кеш қатысушыларының орындауындағы лирикалық өлеңдер мерекелік көңіл-күй ахуалын тудырды, олар өз шығармаларын және әйгілі ақындардың әйел, ана, махаббат туралы өлеңдерін ерекше ықыласпен оқыды.

Бағира Мұсабекқызы Жақыпова қонақтарды ана туралы тамаша өлеңдерімен қуантып, домбырада «Ақбұлақ», «Коробейнники» және «Полонез Огинского» әндерінің әуендерін орындады.

Кеш соңында Ақсу қ. ОКЖ басшысының м. а. К.Нұрғалиева қатысушыларға шағын сыйлықтар табыс етіп, барлығын мерекемен құттықтады!