Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

4 қазан күні Ақсу қаласының ОК балалар әдебиеті бөлімінде «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Ы. Алтынсарин ат. орта мектептің 2 "Б" сыныбы үшін «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі бойынша дауыстап оқу өтті. Ертегіні Дәметкен әже оқыды. Дәметкен әже ертегіні оқыған кезде кейіпкерлерінің дауысын салып, оқыды. Мұндай оқу балалардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар шығарманы оқығаннан кейін өз әсерлерімен бөлісті, кітап кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Іс-шара соңында балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.

23

24

25

26

27

28