Бүгін: 30.10.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 27 қыркүйегінде Орталықтандырылған кітапхана Балалар шығармашылық үйінде «KitapTime-2024» кітап фестивалін ұйымдастырды.

Фестивальдің мақсаты кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның зияткерлік әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру. Кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапханаға келушілер санын көбейту және сақтау, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын насихаттау.

Фестиваль бағдарламасында: «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы, «Книжка детишкам» атты  балалар кітабының тұсаукесері, буккроссинг, орталық кітапхана қорынан кітап басылымдарының көрмесі, театрландырылған қойылымдар, этнокөрме, колданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, қаланың мектеп кітапханаларының қолдан жасалған көрмелері, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері«Мариям» студиясы, «Ц1ЕЙ ЛОАМ» ансамблі, «Айгөлек» ансамблі  және т. б.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қаланың құрметті азаматтары, жазушылар, суретшілер, мұғалімдер, студенттер, кітапханашылар, оқушылар, ата-аналар, БАҚ өкілдері және барлық тілек білдірушілер шақырылды.

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22