Бүгін: 21.11.2024
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

5 қыркүйек  – Қазақстан халқының тілдер күні. Осы мереке күнінде Ақсу өңірінің кітапханалары жүйесінде Қазақстан халқы тілдерінің маңыздылығына арналған түрлі іс-шаралар өткізілді: әдеби сағаттар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері, викториналар және т.б.

5 қыркүйекте Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Өз тіліңді сүй және біл» атты дөңгелек үстел өтті.  Осы мерекелік күн қарсаңында Ақсу өңірінің кітапханалары жүйесінде

Іс-шараға ЖБДО жастары және қара металлургия колледжінің студенттері шақырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар көрнекті ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі туралы «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмнен үзінді ұсынды. Қатысушылар ақынның, қоғам қайраткерінің, ұстаздың асыл мұрасын дәріптей отырып, болашақ ұрпақ бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу қажеттілігі туралы ойларын ортаға салып, өмірінен қызықты деректермен бөлісті. Соңында кітапханашы еліміздің тарихындағы өшпес тұлғаға айналған, саналы ғұмырын ұлттық мемлекеттілік пен өзін-өзі тануды жаңғыртуға арнаған, ғалым және саясаткердің өмірі мен қызметі туралы сыр шертетін әр жылдардағы құжаттар қойылған «Тіл – халық жаны» көрмесіне шолу жасады.

5 қыркүйекте Ақжол а/к 6-7 сынып оқушылары арасында «Ана тілі - адамның ар-намысы мен ар-ожданы» атты білгірлер турнирі өтті. Іс-шара оқушылардың Қазақстан халықтарының тарихи өткеніне деген қызығушылығын арттыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілді. Кітапханашы қатысушыларға тілдердің пайда болу тарихы туралы айтып, қызықты тарихи фактілерді келтірді. Жасөспірімдер отбасыларында қандай тілдерді білетіні және қандай тілдерде сөйлейтіні туралы айтты. Турнир қызықты әрі танымды өтті. Осы тақырып бойынша әдебиеттер ұсынылған.

5 қыркүйекте Алғабас а/к 5-7 сынып оқушылары  арасында әртүрлі тілдерде «Тілі басқа – тілегі бір» өлеңдер оқу байқауы өтті (Алғабас а/к)

5 қыркүйекте Достық а/к 4-5 сынып оқушылары үшін «Тіл – халқымның тірегі» ойын-викторинасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: әр түрлі тілдерде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ана тілінің сұлулығы мен ерекшелігін көрсету. Балалар келесі сұрақтарға жауап берді: Қазақстан аумағында қанша тіл бар және дамып жатыр? Қай тіл мемлекеттік тіл болып табылады? Ұлтаралық қарым-қатынас тілі қандай тіл? 6 әлемдік тілді атаңыз; қазіргі әлемде қанша мың тіл бар? және т. б

5  қыркүйекте Құркөл а/к кітапхана оқырмандары үшін «Тілім менің – тірегім» әдеби сағат өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар.