Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

18 қазанда Ақсу қаласының ОК мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Өмір ақиқаты – мейірімділікте» Мейірімділік күні өтті. Іс-шара өте мазмұнды өтті. Мерекемізге балалар үшін ертегі кейіпкерлері: түлкі Алиса, Баба-Яга, Қызыл Телпек келді, олар көптеген қызықты ойындар мен жұмбақтар әкелді. Балалар үстел және қимылды ойындар ойнап, өз қабілеттерін көрсетті. Балалардың жүздеріндегі күлкілерді көру қуанышқа кенелтті. Мұндай іс-шаралар балаларға қарым-қатынастан қуаныш алуға, достасуға, сезімдері мен эмоцияларымен бөлісуге, көптеген пайдалы және қызықты дүниелерді білуге мүмкіндік береді. Мереке соңында балалар демеушілер: қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Арыновтан, жеке кәсіпкерлер И. Аркашова, А.Толмачев, «КронАгро» ШҚ ЖШС басшысы Бейсенбаев Дидар Мұратбекұлынан сыйлықтар алды.

34

35

36