Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі. 21 наурыздан бастап, Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелуі күні атап өтіледі. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат, шұрайлылық пен достық салтанатының символы болып табылады.
17 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында Ақсу қалалық Орталық кітапханасының аумағында «Наурыз - көктемнің туған күні!» атты мерекелік-ойын-сауық бағдарламасы өтті.
Мерекелік бағдарламаны Саметова Камила домбырада «Келіншек» күйін орындап ашты. Екі тілде жүргізушілер Наурыз мерекесімен құттықтап, көпұлтты еліміздің Наурыз мейрамын қалай атап өтетіні, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі. Қазақ халқының дәстүрі бойынша қонақтарға шашу шашылды.
Халиденова Аяулым, Истаева Айша, Болакбаева Ұлпан домбырада «Адай» және «Нар ағашы» күйлерін орындады. Ахметова Аягөз «Достарым» әнін орындады. «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнін Ельнар Қабытаева орындады. «Асыл мұра» әйелдер клубы қазақ халқының «Бесікке салу» салт-дәстүрін көрсетті. Қатысушылар «Ғажайып таяқ», «Соқыр теке», «Көтермек» және т.б. ұлттық ойындарға белсене қатысты. Іс-шара қонақтарды қазақ халқының дәстүрлі «Наурыз көже» ұлттық тағамымен дәм таттыруымен аяқталды.