2023 жылдың 24 ақпан күні Орталық кітапхана аумағында «Собирайся, народ, Масленица идет!» музыкалық жиын өтті.
Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық мерекесі. Мейрам кезінде міндетті түрде құймақ пісіріледі. Құймақ – шеңбер тәрізді, яғни күн пішінін бейнелейді. Сондықтан да, күннің, көктем мен жылылықтың символы, мерекенің бұлжымас белгісі.
Масленица -халықтың нанымы бойынша ең көңілді, өте шулы және халықтық мереке. Осы аптаның әр күнінің өз атауы бар, ол сол күні не істеу керектігін білдіреді.
Мереке барысында күлдіргіштер халықты жалықпай көңілдерін көтеріп жүрді. Барлығы шынайы көңіл көтерді: қол ұстасып би биледі, әндер шырқады, частушкалар айтты, күлдіргіштер көңілді сайыстар өткізді. «Мудрость» хорының вокалдық тобы, «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ қызметкері: В.И.Месечко, Г. Жалелова, А.Абылханова, Г.Таскаева музыкалық нөмірлерін орындады. Фойеде кітапхана оқырманы Ж.Шакированың тоқыма қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында жиналғандарға құймақ пен шай ұсынылды.