Бүгін: 03.11.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

IMG_20230412_174425_640_Копировать.jpgХалық үшін аянбай күрескен батыр, композитор, балуан, батыр, әнші әрі суырып салма ақын. Дана ақын, дара ақын болмысы ешкімге ұқсамайтын ғажап ақын Иманжүсіп Құтпанұлының  160 жылдығына орай «Даланың ұлы баласы» атты өлкетану сағаты өтті.

Іс-шараға Ақсу қаласының қара металлургия колледжінің студенттері қатысты. Кітапханашы Г.Нұрғалиева ақынның өмірбаяны туралы мәлімет беріп, «Иманжүсіп Құтпанұлы» атты бейнефильмін назарларына ұсынды.

Кітап көрмеге шолу жасап, шығармаларымен таныстырды. Нариман Әбдірахманов орындауында «Иманжүсіптің әні» бейнебаяны экран арқылы көрсетіліп, ақынның мерейтойына музыкалық шашу ретіңде Айнұр Баяндинованың орындауында «Бақыт жайлы ойлама» әні тарту етілді.

Иманжүсіп  балуан болғандықтан студенттермен бірнеше спорт эстафеталар өткізілді. «Спорт білгірлері» спорттық сұрақтар сайысында студенттер белсене қатысты.

IMG_20230412_174425_562_Копировать.jpgIMG_20230412_174425_469_Копировать.jpgIMG_20230412_174425_365_Копировать.jpgIMG_20230412_174425_795_Копировать.jpgIMG_20230412_174425_733_Копировать.jpgIMG_20230412_174425_693_Копировать.jpg