15 қарашада Ұлттық валюта –теңге күні атап өтіледі. Осыдан 30 жыл бұрын осы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық валютаны ресми түрде енгізді.
14 қарашада Орталық кітапханада «Теңге-тәуелсіздік символы» деген атаумен Ақсу қаласының №4 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған пікірталас әткеншегі өтті. Бұл пікірталасқа негізделген кітапхана жұмысының жаңа түрі. Бұл форманың мәні тербелмелі әткеншектерге еліктеу болып табылады: аргумент неғұрлым күшті болса, «әткеншектің» көтерілуі соғұрлым жоғары болады. Белгілі бір уақыт ішінде екі команда Қазақстанда ұлттық валютаны енгізуге «жақтаушылар» және «қарсылар» аргументтерін ұсынды. Нәтижесінде жас оқырмандар Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу қажеттілік болды деген қорытындыға келді, өйткені біз Тәуелсіз ел болған едік. Содан кейін кітапханашы Сазонова Елена балаларға «Теңге-Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы» викторинасына қатысуды ұсынды.