НАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ӘР ҮГІНДІ АЛАҚАНҒА» ТАҚЫРЫПТЫҚ САҒАТ
- 173
16 қазанда Нан күніне орай Ақсу қаласының ОК балалар әдебиеті бөлімінде «Грамотеи» қызығушылық клубының мүшелерімен «Әр үгінді алақанға» атты тақырыптық сағат өткізілді. Балалар «Жердің кереметі – нан» көрмесімен танысты, онда түрлі нан-тоқаш өнімдері ұлттық бауырсақтардан бастап хош иісті тоқаштармен, сондай-ақ нан туралы әдебиеттермен таныстырылды. Біз нанның тарихы туралы білдік, нан туралы ертегілерді еске түсірдік, нанмен байланысты дәстүрлер туралы әңгімелестік, нан туралы мақал-мәтелдерді оқыдық және талдадық, нанның адам өмірінде неге соншалықты маңызды орын алатынын ойладық, әртүрлі елдерде қандай нан болатыны және онымен байланысты халықтардың дәстүрлері туралы слайд-презентацияны көрдік. Шара соңында нан-тоқаш өнімдерінен дәм татты.
«ҚАСҚЫР МЕН ЖЕТІ ЛАҚ» ЕРТЕГІСІН ДАУЫСТАП ОҚУ
- 207
4 қазан күні Ақсу қаласының ОК балалар әдебиеті бөлімінде «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Ы. Алтынсарин ат. орта мектептің 2 "Б" сыныбы үшін «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі бойынша дауыстап оқу өтті. Ертегіні Дәметкен әже оқыды. Дәметкен әже ертегіні оқыған кезде кейіпкерлерінің дауысын салып, оқыды. Мұндай оқу балалардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар шығарманы оқығаннан кейін өз әсерлерімен бөлісті, кітап кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Іс-шара соңында балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.
«KITAPTIME-2024» КІТАП ФЕСТИВАЛІ
- 270
2024 жылдың 27 қыркүйегінде Орталықтандырылған кітапхана Балалар шығармашылық үйінде «KitapTime-2024» кітап фестивалін ұйымдастырды.
ОТБАСЫ – БАҚЫТ АЯСЫ
- 259
6 қыркүйекте Орталық кітапхананың қызметкерлері қала тұрғындары арасында «Бірге болу – бақыт» акция-сауалнамасын өткізді. Акция қатысушыларына «Отбасы – бұл...» сөйлемін аяқтау ұсынылды.
«ТІЛ – ХАЛЫҚ ЖАНЫ»
- 252
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні. Осы мереке күнінде Ақсу өңірінің кітапханалары жүйесінде Қазақстан халқы тілдерінің маңыздылығына арналған түрлі іс-шаралар өткізілді: әдеби сағаттар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері, викториналар және т.б.
«КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТІРЕГІ»
- 259
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақсу өңірі жүйесінің барлық кітапханаларында бірқатар іс-шаралар өтті.





