13 маусымда жыл сайынғы «Ақсу толқын» жазғы жобасы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында Орталық кітапхана сыршыл лирикасымен, терең философиялық ойларымен ерекшеленетін қазақтың көрнекті ақыны, жерлесіміз Нұтфолла Шакеновтың шығармашылығына арналған «Өлең –өмірім, жыр-жүрегім» поэтикалық кеш өткізді.
Іс-шара барысында қала тұрғындары ақынның өмірбаянына, шығармашылығына, поэзия әлеміне саяхат жасады. Ақсу өңірінің ақындары: Ақтасов Алмас Қуантайұлы, Мұхамедқали Зарықұлы, Халхын Сейл, Сәрсенбай Нұрсат, сондай-ақ поэзия әуесқойлары, мектеп оқушылары өлеңдерін оқыды. Ақсу бұл күні жан дүниені тазартатын ерекше поэтикалық әлемге енді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының назарына «Өлең –өмірім, жыр-жүрегім» кітап көрмесі ұсынылды.