«НАУРЫЗ ТОЙЫ МЕРЕКЕМ – САЛТ-ДӘСТҮРІМ БЕРЕКЕ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА
- 151
19 наурызды Қазақстандықтар Жаңару күні деп атап өтті. 2019 жылы дәл осы күн мемлекет пен қоғамда түбегейлі өзгерістер басталған еліміздің жаңа тарихындағы бетбұрыс болды. Бұл күні Орталық кітапхана алаңында Қара металлургия колледжінің студенттері мен барлық қатысушылары үшін «Наурыз тойы мерекем - салт-дәстүрім береке» фольклорлық мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды.
«ОТБАСЫНДАҒЫ МАМАНДЫҚТАР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ
- 148
5 наурызда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Орталық кітапханада Ақсу қаласының лицей-мектебінің 9-сынып оқушылары үшін «Отбасындағы мамандықтар» шығармашылық кездесуі өтті.
АҚСУ қ. АФЗ және ГРЭС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН «ӘР МАМАНДЫҚ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ» КЕЗДЕСУ
- 167
25 ақпан Ашық есік күні және Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақсу қ. №4 ОМ жоғары сынып оқушылары мен қара металлургия колледжінің студенттері үшін Ақсу қ. ОК Ақсу қаласының ірі кәсіпорындарының (АЗФ және ЕЭК) жұмысшыларымен «Әр мамандық құрметке лайық» атты кездесу өткізілді.
«МАХМЕТ КАИРБАЕВ» КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ МАХМЕТ ҚАЙЫРБАЕВҚА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
- 183
4 ақпанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың туғанына 100 жыл толуы аясында Ақсу қаласының Орталық кітапханасында автор, Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың ұлы Мұрат Қайырбаевтың «Махмет Каирбаев» атты кітабының тұсаукесері өтті.
«ЕСЕНБЕРЛИННІҢ ІЗІ» ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
- 120
28 қаңтарда көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Орталық кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Есенберлин ізі» атты еске алу кеші өтті. Жүргізушілер қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты беймәлім деректермен таныстырды. Оның «Көшпенділер» тарихи трилогиясын еске түсіріп, шығарма желісімен түсірілген фильмнен үзінді тамашалады, сөзжұмбақ шешіп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.
«Бірінші оқырман күні» акциясы
- 148
5 қаңтарда Ақсу қаласының Орталық кітапханасында жыл сайынғы «Бірінші оқырман күні» акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты - 2025 жылдың алғашқы оқырмандарын құттықтау, кітапханамен таныстыру және оқуға тарту. Бұл күні акцияға қатысушыларды тосын сыйлар мен кітапхана қызметкерлерінің құттықтаулары күтіп тұрды.





