Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

 24 қыркүйекте «Kitap Time-2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Орталық кітапханада «BookTime: оқу аумағы» атты әдеби кеш өтті. Кітап оқуды және жаңашылдықты сүйетін қала жастары қонақ болды.

 Іс-шара бағдарламасы мазмұнды да сан қырлы болды. Алдымен «Ең үздік 100 кітап» көрмесінің тұсаукесері өтті. Үздік жүздікке классикалық шығармалармен қатар заманауи қазақстандық авторлардың туындылары да енді: көркем романдар, повестер мен өлеңдер жинақтары. Көрме ұлттық әдеби мұраның ең маңызды шығармаларын біріктіріп, әрбір келушіге ұлы туындылардың беттеріне саяхат жасауға мүмкіндік сыйлады.

Жаңа кітаптарға шолу ерекше қызығушылық тудырды, бұл қатысушыларға жаңа есімдер мен қызықты оқиғаларды ашуға мүмкіндік берді.

Жас оқырмандар бүгінде өздері оқып жүрген кітаптарымен және достарына ұсынатын туындыларымен бөлісті. Мұндай пікір алмасу шынайы да қызу талқылауға ұласып, көпшілікті жаңа кітаптарды білуге шабыттандырды.

Сонымен бірге кітапханашылар кітаптар мен кітапханалар жайлы қызықты деректер жинағын әзірледі. Бұл деректер кеш бағдарламасының мазмұнын толықтырып, қонақтарға кітаптың тек білім көзі ғана емес, бүкіл әлемдік мәдениеттің ғажайып бөлігі екенін еске салды.

Кеш барысында ойындар да өткізілді: қатысушылар әдеби викторинада бақ сынап, өз білімдерін мен зеректіліктерін көрсетті. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болды, бұл кештің әсерлі қорытындысына айналды.

 «Kitap Time» кітап фестивалі аясындағы әдеби кеш тағы да бір мәрте оқудың адамдарды біріктіретінін, жаңа көкжиектерді ашатынын және қарым-қатынас қуанышын сыйлайтынын дәлелдеді.