22 қазан күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға «Родники» поэзия клубының ақындары және Ақсу қаласының №4 ЖОББМ 9 сынып оқушылары қатысты
. Кітапханашылар мерекенің тарихы, еліміздің өткені мен бүгінгі заманғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірі туралы айтып берді. Іс-шара барысында «Родники» клубының мүшелері Қазақстан, Отан және Тәуелсіздік туралы өздерінің өлеңдерін оқыды. Кеш соңында «Әлем таныған Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, онда Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, тәуелсіздік тарихындағы маңызды оқиғалар мен өткеніміздің жарқын беттері туралы кітаптар мен материалдар ұсынылды.












