АҚСУ қ. АФЗ және ГРЭС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН «ӘР МАМАНДЫҚ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ» КЕЗДЕСУ
- 188
25 ақпан Ашық есік күні және Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақсу қ. №4 ОМ жоғары сынып оқушылары мен қара металлургия колледжінің студенттері үшін Ақсу қ. ОК Ақсу қаласының ірі кәсіпорындарының (АЗФ және ЕЭК) жұмысшыларымен «Әр мамандық құрметке лайық» атты кездесу өткізілді.
«МАХМЕТ КАИРБАЕВ» КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ МАХМЕТ ҚАЙЫРБАЕВҚА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
- 207
4 ақпанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың туғанына 100 жыл толуы аясында Ақсу қаласының Орталық кітапханасында автор, Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың ұлы Мұрат Қайырбаевтың «Махмет Каирбаев» атты кітабының тұсаукесері өтті.
«ЕСЕНБЕРЛИННІҢ ІЗІ» ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
- 140
28 қаңтарда көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Орталық кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Есенберлин ізі» атты еске алу кеші өтті. Жүргізушілер қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты беймәлім деректермен таныстырды. Оның «Көшпенділер» тарихи трилогиясын еске түсіріп, шығарма желісімен түсірілген фильмнен үзінді тамашалады, сөзжұмбақ шешіп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.
«Бірінші оқырман күні» акциясы
- 167
5 қаңтарда Ақсу қаласының Орталық кітапханасында жыл сайынғы «Бірінші оқырман күні» акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты - 2025 жылдың алғашқы оқырмандарын құттықтау, кітапханамен таныстыру және оқуға тарту. Бұл күні акцияға қатысушыларды тосын сыйлар мен кітапхана қызметкерлерінің құттықтаулары күтіп тұрды.
«ТАРИХ БІЛГІРЛЕРІ»
- 166
13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсу қ. Орталық кітапханасында Ақсу гарнизонының азаматтық қорғау қызметкерлеріне арналған «Тарих білгірлері» зияткерлік ойыны өтті. Шара басында кітапханашылар қонақтарды Тәуелсіз Республиканың қалыптасу және даму тарихымен таныстырды, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» бейнеролик көрсетілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері – тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін бейнеленген.
«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖОЛ: ӨТКЕННІҢ САБАҚТАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
- 165
4 желтоқсанда Ақсу қ. ОК оқу залында «Тәуелсіздікке жол: өткеннің сабақтары және болашақтың сын-қатерлері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қаланың шығармашылық зиялылары, Алтынсарин ат. ЖОББМ және Қ. Сәтбаев ат. гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Қазақстан тарихында маңызды орын алатын ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан дамуының негізгі кезеңдерін, біртұтас және егемен республиканың қалыптасу жолдарын талқылау болды. Шақырылған қонақтарға - Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Ырысгүл Шакаманның сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық тудырды. Ол сол кездегі қайғылы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара өте мазмұнды өтті. Қатысушылар арасында еліміздің өткені мен болашағы туралы мазмұнды және танымдық пікірталастар өтті.





