17 қыркүйекте Орталық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мәдениеттер диалогы» атты этномәдени орталықтармен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – көпұлтты елдің мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, басқа ұлт өкілдерінің тілдері мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.
Қатысушылар назарына мерекенің пайда болуына қатысты тарихи деректер мен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы жөнінде мәлімет ұсынылды.
Кездесу барысында этномәдени орталық өкілдері тілдің қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті. Одан кейін қатысушылар «Мақал- мәтелді жалғастыр» сайысына қатысты, ұлттық әндер шырқап, өлеңдер орындады.
Шара соңында қатысушылар «Анамның тілі – аяулы үні» әнін шырқады.