Бүгін: 01.09.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

27 тамызда Ақсу қаласының Орталық кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың патриоттық рухын тәрбиелеу, оларға Конституцияның маңызды рөлі туралы ақпарат беру, елімізге деген сүйіспеншілікті ояту және нығайту, жастарға құқықтық тәрбие беру.

Іс-шараға қатысушылар 1995 жылы қабылданғаннан бері Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен эволюциясын талқылады. Спикерлер: Е. О. Рақымов,  Д. И. Исағали,  А. Н. Қадыр,  Н. Акашұлы, Д. Ғ. Султанов,  Қ.Қ. Нәби,  Г. К. Елгонденова болды.

Қатысушылар конституциялық құқық саласындағы білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстел аясында Қазақстандағы конституционализмді одан әрі қамтамасыз етудің негізгі қорытындылары мен перспективалары; еліміздегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тарихи аспектілері, сондай-ақ Қазақстан жастары үшін Конституцияның қандай рөл атқаратыны және жастардың, отбасының, білімнің, мәдениеттің мүдделерін қалай қорғайтыны қарастырылды.

Іс-шара «Конституция – тәуелсіздік тұғыры» бейнеролигімен  сүйемелденіп, «Ата заң – Қазақстан дамуының іргетасы» атты кітап көрмесімен толықтырды, ол Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын және елдің Негізгі заңының маңыздылығын көрсетті. Көрмеде Конституцияның мәнін ашатын және мемлекеттің даму жолын айқындайтын кітаптар мен материалдар жинақталған.