4 қыркүйек күні Ақсу қаласының мектеп-лицейінің 1 «А» сыныбының оқушылары кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне келіп, өздері үшін жаңа кітаптар әлемін ашты.
Кітапханашы А. Грипас оқушыларды «кітапхана» ұғымымен таныстырып, оқудың пайдасы мен кітапқа ұқыптылық жайлы әңгімеледі. Балалар шараға белсене қатысып, «Зачем нужно читать» бейнеролигін тамашалады. Одан кейін слайд-викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі тапсырмалар орындады.
«Оқырман антын» қабылдаған соң балалар салтанатты түрде оқырман атанып, сыйлық ретінде кітапқа қойылатын бетбелгі мен тәтті сыйлықтар алды.