Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

21 тамыз күні Орталық кітапханада көрнекті ақын, Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі айтыстардың жүлдегері, жас ақын Жұмәлі Мизанның «Дауылпаз» атты жыр жинағы көпшілікке таныстырылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен әдебиет сүйер қауым жиналды. Қатысушылар автормен еркін әңгіме құрып, туынды жайлы терең ой-пікірлерімен бөлісті. Шара тек кітап таныстырылымы ғана емес, рух пен сөз өнерінің тоғысқан, шабыт пен сырға толы ерекше кездесу болды.