Бүгін: 21.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ақсу орталық кітапханасында ерекше форматтағы әдеби-мәдени шара — «Кітапхана түні-2025» акциясы өтті. Бұл кештің басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ жастарды кітап әлеміне тарту.

Шара барысында қонақтарға түрлі бағыттағы іс-шаралар ұсынылды: «Үздік 100 кітап», «Жаңа кітаптар» көрмесі, поэзиялық марафон, шеберлік сабақтары, викториналар мен квест ойындары өтті. Сондай-ақ, «Кітап. Музыка. Театр» тақырыбында шығармашылық қойылымдар ұсынылып, оқырмандар мен кітапханашылардың өнері мен таланты паш етілді.

Кешке келген қонақтар «Сөз - ойдың айнасы» жастар театрының «Абай өмірі жайлы» музыкалық қойылымын, «Айна» жастар театралдық студиясының «Ана қадірі», «Синяя птица» жастар халықтық театрының Абайдың «Ескендір» шығармасынан үзінді, Ауылдық кітапханашылардың орындауында Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», С. Бегалиннің «Қыран туралы аңыз», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат» шығармаларынан қойылым тамашалады. Оқырмандар түнгі кітапхана атмосферасынан ерекше әсер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.