Бүгін: 03.11.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

1 маусым-Ақсу қалалық мәдениет және демалыс саябағында Балаларды қорғау күніне орай Ақсу қаласының об ашық аспан астындағы жазғы оқу залын ұйымдастырды, онда «Балалар-болашақтың шамшырағы» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

Іс-шара барысында жас оқырмандар үшін жаңа балалар кітаптарының көрмесі, үстел ойындары, кроссвордтар мен сурет салу аймақтары, келушілердің қызығушылығын тудырған 3D-модельдер көрмесі ұсынылды. Қонақтар Скоморохтармен бірге ойындарға, танымдық викториналарға, жұмбақтарды шешуге белсенді қатысты, гүлдердің, күннің, аспаның суретін салды. Байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар естелік сыйлықтар алды.