Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Мойылды төрінде қазақтың әйгілі әнші-сазгері Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдық мерейтойына арналған мәдени шара аясында Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы арнайы көрме ұйымдастырды.


Экспозиция үш бөлімнен тұрды:

1.Қазақ әнінің жаяу тарланы – Жаяу Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар ұсыңылды;

2.Жылнамалар жады – 2025 жылы аталып өтілетін Баянауыл ауданының танымал тұлғалары: Қадыр Тайшықовтың 125 жылдығы, Қалмұқан Исабай мен Қуат Әбусейітовтің 100 жылдық мерейтойына арналған мәліметтер қамтылды;

3.Ақсудан шыққан алыптар – Ақсу өңірінен шыққан елге еңбегі сіңген азаматтардың өмір жолы мен жетістіктері.