Бүгін: 14.10.2025
«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені». Қасым-Жомарт Тоқаев

7 тамызда қалалық жағалауда Ақсу қаласының орталық кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған  «Абай дана-Абай дара» әдеби - музыкалық кешін өткізді.

Кеш барысында Абайдың жүрекке жетер өлеңдері оқылып, ғибратты қара сөздері мен әсем әндері орындалды.

Жас өнерпаздар мен оқушылар ақын мұрасын дәріптеп, көрермен жүрегінен орын алды.

Абайдың рухани мұрасын жаңғыртып, өскелең ұрпаққа өнеге ету – біздің басты мақсатымыз.