Бүгін: 02.07.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің (2023 жылғы 17 маусым) Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы және көркем әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітаптар тізімін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы әзірленіп бекітілді.

           «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 1770 көркем шығармалар тізімінен Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасының кітап қорында қазақ әдебиетінің барлық кезеңдері, сондай-ақ әдеби жанрлар (балалар әдебиеті, поэзия, проза, драматургия, ғылыми-танымдық әдебиет, көркем публицистика, көркем аудармалар, ұлттық фольклордың барлық түрлері: ертегілер, аңыздар, поэмалар, айтыстар) 941 кітап атауымен қамтылған.

Құрметті оқырмандар! "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында кітаптар тізімімен танысыңыз.

Жүктеу 1770 БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ