Бүгін: 11.06.2025
Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің мектеп оқушыларының сауатты оқу дағдыларының тиісті деңгейде қалыптаспағанын көрсетеді. Сондықтан оқудың жоғары мәдениетін дарыту, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

19 мамырда Ақсу қаласының орталық кітапханасында М.Мағауиннің «Көкбалақ» және «Шақан Шері» романдарын оқуға арналған бәйге өтті.

Ақсу қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапхана қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында автордың «Көкбалақ» және «Шақан Шері» романдарын оқуға бәйге жариялады.

Байқауға Павлодар Ертіс өңірінен 6 адам қатысты, екі кезең бойынша сынға түсті: «Көкбалақ» романы бойынша жазбаша тест, «Шақан Шері» романы бойынша ауызша билет сұрақтарына жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысы, Ертіс ауданы «Аманат» партиясының аудандық филиалының қызметкері Даргерхан Нұрсұлу ұлттық әдебиеттің алтын қорына енген 26 томдық Мұхтар Мағауиннің шығармалар жинағының иегері және жеңімпазы атанды.