
3 қараша күні Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасының қызметкерлері Ақсу қ. Ы. Алтынсарин атындағы мектепке барып, көрнекті педагог, жазушы әрі ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қазақ халқының дарынды ұлы» атты портрет кешін өткізді.
Шара барысында оқушылар ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы, білім беру саласына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, Ы. Алтынсариннің өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылды. Кездесу соңында оқушылардың білімдерін тексеруге арналған «Ойлан, тап!» атты танымдық викторина ұйымдастырылды.










