
29 қазанда Ақсу қаласының Орталық кітапханасында 13 пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Мейірімділік – қарым-қатынас кілті» атты мейірімділік сабағы өтті.
Балалар үшін көңілді ойындар, қызықты байқаулар мен түрлі ойын-сауықтарға толы жарқын бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік көңіл күйді «ART ХАОС» креативті студиясы мен «ШоуБум» мерекелік агенттігінің аниматорлары ерекше жандандырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, шынайы күлкі мен жағымды эмоциялар сыйлады.
Демеушілердің қолдауының арқасында әрбір балаға қуанышты сыйлықтар табысталды. Ең бастысы – балалар мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, адам жылуының шуағын сезінді. Қатысушылардың шынайы күлкісі, қуанышы мен көтеріңкі көңіл күйі осындай кездесулердің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Ақсу қаласының Орталық кітапханасының ұжымы осы игі шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен барша демеушілерге шынайы алғысын білдіреді:
· «Aksu Mall» сауда үйіне;
· «КронАгро» ШҚ ЖШС-не;
· «IZMIR» фуд-кортына;
· «Версаль» мейрамханасына;
· «Бірлік» Ақсу мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне;
· «ART ХАОС» креативті студиясына;
· «ШоуБум» мерекелік агенттігіне.
Балаларға қуаныш сыйлауға деген ізгі ниеттеріңіз, жомарттықтарыңыз, жанашырлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз! Сіздердің көмектеріңіз күлкіге, жағымды тосынсыйлар мен ұмытылмас әсерлерге толы шынайы мерекенің өтуіне зор үлес қосты.









